Қазақстандықтар дүкендерде 8 триллион теңгеге сауда жасаған

Қомақты сауданы Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары жасады.

Об этом сообщает http://donbas.top


Биыл қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек сауда көлемі 8,1 триллион теңге болды. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,5% (7,2 триллион теңге) көп.


Ауылдарда 676,2 миллиард теңгеге сауда жасалған. Бұл туралы Energyprom.kz зерттеушілері жария етті.


Бөлшек саудада тамақ өнімдерінің үлесі 32,4% немесе 2,6 триллион теңге болды. Азық-түлік емес тауарлардың үлесі – 67,6% немесе 5,4 триллион теңге. Азық-түлік тауарларын өткізу 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 6%, азық-түлік емес тауарлар 5,2% өсті.


Бөлшек сауда, 2019

Бөлшек сауданы Алматы тұрғындары көп жасаған. Құны – 2,5 триллон теңге. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты өсім 11,1% болды.


Нұр-Сұлтанда бөлшек сауда 967,9 миллиард теңгеге жасалған. Бұл – Қазақстан бойынша жалпы көлемнің 12%-і. ТОП-3 аймақтың қатарына Қарағанды облысы кіреді: 726,9 миллиард теңге немесе нарықтың 9%-і.


Қазақстанда сауда саласында жарыстар жүйелі өткізіліп тұрады. “Сауда үздігі – 2019” республикалық байқауының қорытындысы бойынша Алматы облысы Қазақстанның сауда саласындағы үздік деп танылды. 3-4 қазан аралығында Павлодар облысында өткен байқауға еліміздің 11 аймағынан 100-ден астам кәсіпорын қатысты. Алматы облысынан 5 кәсіпорын қатысты, олардың әрқайсысы жүлдегер атанды. Марапаттау 8 номинация бойынша өткізілді, жеңімпаздарды республикалық ведомствоаралық комиссия анықтады.


Бөлшек сауда, 2019

Жыл басынан бері жеке меншік кәсіпорындармен тауарлар мен қызметтерді бөлшек саудада өткізу көлемі 7,3 триллон теңге болды (бөлшек сауданың жалпы көлемінің 90,1%-і), шетелдік меншік – 799,2 миллиард теңге (9,9%).


Источник: “https://baribar.kz/112932/qazaqstandyqtar-dukenderde-8-trillion-tenhgege-sauda-zhasaghan/”