«Рухани жаңғыру»: Қазақстандық профессорлар елордада тегін дәрістер оқиды


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстандық профессорлар Нұр-Сұлтанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша тегін лекциялар өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Об этом сообщает http://ua-molod.com

«Қазақстандық профессорлар мен қоғам қайраткерлері «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында тегін лекциялар өткізеді. Негізгі тақырып ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары таңдап алынды. Тегін дәрістер әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері, сағат 9:00-де «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтеді. Лекциялар тарих, дәстүр, дінтану, жаһандану тақырыптарына негізделіп, сонымен қатар азаматтардың өзін-өзі үздіксіз дамытуы мен жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған», — делінген қала әкімдігінің ақпаратында.

Шара елордалық Қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында өтуде.




Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинарлар кезінде халықтың барлық тобын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатыстыру үшін ғылыми-әдістемелік және консультативтік қолдау көрсетіледі. «Ақпараттық-түсіндірме жұмысымен халықтың барлық тобын, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, білім, спорт, мәдниет, жастар саласы мен ҮЕҰ қамту көзделіп отыр. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады», — деді ведомстводан.





Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/ruhani-zhangyru-kazakstandyk-professorlar-elordada-tegin-darister-okidy_a3570782”