Алматыда Орталық Азия ғалымдары мәдениеттер диалогын талқылап жатыр


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматы қаласында тұңғыш рет «Орталық Азия халықтарының мәдениеттер диалогы» атты халықаралық форум басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форум Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2018 жылдың наурыз айында өткен Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуі аясында өткізіліп отыр.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ресейдің көрнекті мәдениеттанушы-ғалымдары, тарихшылар Орталық Азия өркениетіндегі ортақ мәдениет пен дәстүр, мәдени әртүрлілікті дамыту, түрлі мәдениеттер диалогы төңірегінде әңгіме өрбітуде.

«Сонау көне заманнан бері Орта Азия халықтарының тағдыры, тілі, діні ортақ. Олардың арасында мәдени байланыс өте күшті. Әсіресе көнеден келе жатқан Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Орта Азия халықтарының тарихы, өнері, мәдениеті, археологиясы, өнері ұқсас. Бұл елдердің барлығы қазір тәуелсіздік алды. Олардың бүгінгі дәрежесі қандай? Қазақстанның ықпалы, арадағы байланысы қандай? Бүгінгі форумда осы мәселені жан-жақты талқыға саламыз», — деді Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы.

null

«Орталық Азия халықтары мәдениетінің диалогы форумы Қазақстанда өтіп жатқанының өзі еліміздің бейбітшілік пен келісімге бейімдігін көрсетсе керек. Бүгінгі таңда қоғамда дінаралық, қоғамдық келісімге қажеттілік туған заманда Орталық Азияның көне жәдігерлері мен көне мұраларына қызығушылық артып келеді. Орталық Азияда мыңжылдықтар бойы түрлі ұлт пен ұлыстар, діндер қалыптасып келеді: Бүгін де көз алдымызда Ұлы Жібек жолына қайта жан бітіп жатыр», — деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Нұрбек Боранбаев.

Айта кету керек, шара аясында Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерінің ұлттық қолданбалы өнерінің көрмесі ашылды. Көрмеде түрлі этномәдени бірлестіктердің ұлттық дәстүрлері, киімдері, салттары, бұйымдары көрініс тапты.



null

null

null

null

null

null

null

null


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatyda-ortalyk-aziya-galymdary-madenietter-dialogyn-talkylap-zhatyr_a3463245”