Алматы әкімі Жетісу ауданы қалай дамитынын айтты

Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесті


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесті.


Әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала басшысы “Жаңа Алматы” бағдарламасы бойынша мегаполисті дамытудың жоспарларын айтты. Ауданда жаңа емхана салынады, полицияның тәулік бойына жұмыс істейтін жылжымалы пункті болады, 200 жаңа автобус алынады, троллейбус саны артады.


Бақытжан Сағынтаев автобус жүргізушілерінің бәрі бірдей білікті емес екенін айтты. Еңбекпен қамту да көкейкесті мәселенің бірі. Оны шешу үшін биылғы қыркүйек айынан бастап жастарды жаңа кәсіптерге баулу жоспарланған.


Тұрғындар проблемаларын біртіндеп шешеміз. Күрделілігіне қарай, – деді әкім.



Қала басшысы балалар мен жастарға қатысты объектілерді модернизациялауды ұсынды, олар – кітапханалар, спорт алаңдары әрі әр ауданда оқушылар сарайын ашу қажет.


Кездесуге қатысқандардың дені жеке өзіне әрі жалпы ауданға қатысты проблемаларды көтерді. Бақытжан Сағынтаев оларды мұқият тыңдап, тиісті ведомстволарға тапсырма берді.


Источник: “https://baribar.kz/109068/almaty-akimi-zhetisu-audany-qalaj-damitynyn-ajtty/”