Бояусыз түрін көрсеткен Дана Нұржігітті көпшілік танымай қалды (видео)

Елімізге танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт парақшасында бояусыз түрін көрсетіп, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті деп жазады NUR.KZ.



Дана Нұржігіт. Фото: Тележүргізушінің жеке парақшасынан алынды. Коллаж: NUR.KZ

Дана Нұржігіт. Фото: Тележүргізушінің жеке парақшасынан алынды. Коллаж: NUR.KZ



Парақшасындағы оқырмандарына қайырлы түн тілеген тележүргізушіні көпшілік тек даусынан танығанын айтып, таңданыс білдірді.



Олар: "Сізді танымай қалдым", "Бояуды шешсеңіз кәдімгі біз сияқты екенсіз ғой", "Сіздің даусыңызды танымау мүмкін емес", "Түріңізді бояу жеп тастаған екен", "Бояусыз жас көрінетін сияқтысыз", "Бәрібір біз үшін әдемісіз", "Негізі барлық әйелдің бояусыз түрі осындай ғой", — деген сынды пікірлерін қалдырған.





Дана Нұржігіт болса өзінің келбетін сөз қылған көпшілікке жауап берді.



"Менің бетім — жұмыс құралым! Мен үшін солай. Керек кезінде бояймын. Түнде жатарда жуып, демалдырамын. Жұмысына кіріспес бұрын дәрігер ақ халат, профессор мантиясын киеді. Ол сәтке дейін біз бәріміз бірдейміз.

Ал "маска" біздің қоғамдағы орнымызды, бойдағы қабілетті, мүмкін тіпті талантымызды анықтап, айшықтап береді. Яғни ол — құрал ғана.



Мен қоқыс тастауға шықса да, бетін бояйтын әйелдер санатынан емеспін. Қасыма татуаж жасамаймын. Кірпік қысқа болса да, өзімдікі.



Әзірге ешқандай пластика, ботекс деген атымен жоқ. Көрген адамдар мені дауысымнан таниды. Оған қайғырып жатқан мен жоқ", — деп жазды ол.






Источник: “https://kaz.nur.kz/1762732-boausyz-trin-krsetken-dana-nrzigitti-kpsilik-tanymaj-kaldy-video.html”